2024 жылдың 06 наурыз күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің «Ақжан Әл-Машани атындағы №92 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК «Функционалдық сауаттылық-өмір сүрудің негізгі компоненттері» атты қалалық семинар өткізілді.
Семинар мақсаты: математика және физика сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолындағы тәжірибемен алмасу болды.
Семинар ерекше форматта озық тәжірибелі және жас ұстаздардың TED x форматында өздерінің педагогикалық жолындағы ой-естеліктерімен бөлісуінен басталды
Семинардың екінші бөлімінде бағдарламаның мақсатына сәйкес математика, физика, бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақ берді. Сонымен қоса, Сингапур әдістемесімен оқытылатын 1-сыныптарда өткізілген ашық сабақтарда мұғалімдер шетелдік іс-тәжірибемен бөлісті
Семинардың үшінші бөлімінде №№ 92, 87, 76, 28, 71 мектептердің тәжірибелі ұстаздары шеберлік сабақтарды бірлесе отырып көрсетті.
Кері байланыс кезінде жас мамандар тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық, нақты кері байланысқа түсіп, семинарлардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.