2024 жылғы 6 наурыз күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №63 мектеп-гимназиясында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасайтын педагогтердің іс-тәжірибесін тарату мақсатында «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды білім мен тәрбие арқылы ұлттық құндылыққа тәрбиелеу» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинар барысында №63 мектеп-гимназия педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, шебер-сыныптар, тренингтер өткізді.
Семинар қатысушылары бастауыш сынып мұғалімдерінің ашық сабақтарына, логопедтің «Ертегі терапиясы», дефектологтың «Әлем сенімен әдемі» тақырыбындағы оқушылармен жүргізілген жеке жұмыстарымен, танысып, педагог-психологтың жүргізген «Әр күн тек қуаныш сыйласын!» тренингке, педагог-ассистенттердің «Олар біздің жан дүниемізді түсінсе екен!» деген тақырыпта ұйымдастырылған шебер сыныпқа қатысып, көркем еңбек сабағында өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын, ата-аналармен жүргізілген Арт — терапиялық жаттығуларды тамашалады.
50-ден астам педагог қатысқан семинар қызықты, әрі танымды өтті.