Жобалау қызметінің білім сапасын арттырудағы рөлі

2024 жылғы 5 наурыз күні N60 мектеп-лицей базасында  “Жобалау қызметінің білім сапасын арттырудағы рөлі” тақырыбында қалалық тәжірибе алмасу семинары өтті.

         Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық құралдарын дамыту, тәжірибе алмасу және серіктес мектептер жұмысын нығайту мақсатын көздеген семинарға қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Семинардың ашылуы барысында мектеп-лицей директоры Р. А. Болатаева, қалалық әдістемелік орталық әдіскері             Ш. Х. Шакирова сөйлеп, семинардың мақсат-міндеттеріне тоқталды және семинар жұмысына сәттілік тіледі.  Семинарда  N35, N46  мектеп   мұғалімдері де өз  тәжірибелерін ортаға салды.  N60 мектеп-лицейінің  математика және  информатика пәні мұғалімі М. П. Кольцов, қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі С. А. Шабанбаева, ағылшын тілі  пәні мұғалімдері К. М. Қайырбекова мен М. С. Ақмырзаева, информатика пәні мұғалімі З. Б. Сұлтанова шебер-сыныптар өткізіп, тәжірибелерін ортаға салды. Сондай-ақ оқушылардың ғылыми жобалар көрмесі мен қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

           Семинардың қорытындысы кезінде рефлексия жасалып, кері байланыс орнатылды. Білім беру ұйымдарының  86 мұғалімі тәжірибе алмасу семинарына қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған