Білім беру округтері бойынша балабақша мен мектеп арасындағы педагогикалық сабақтастық

2024 жылғы 5 наурыз күні Астана қаласы Білім басқармасы және Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы жобасының Астана қаласы бойынша Жол картасын іске асыру аясында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдары арасындағы тәрбиелеу, білім беру, оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруда педагогикалық сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында «Білім беру округтері бойынша балабақша мен мектеп арасындағы педагогикалық сабақтастық» тақырыбында онлайн вебинар өткізді.

Вебинар барысында:

«Білім округі», «Педагогикалық сабақтастық», және «Балақайлар мектебі» жобасы аясында мектеп пен балабақшада тығыз ынтымақтастық маңыздылығы;

«Екі компонент арасындағы жұмыс бағыттарын белгілеу: мектеп және балабақша»;

«Баланың мектепке деген эмоционалды оң көзқарасын нығайту және дамыту»;

«Бастауыш мектепке сәтті бейімделу үшін болашақ оқушының жеке басының әлеуметтік ерекшеліктерін қалыптастыру» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Іс-шараға мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 500 –ден аса мектеп директорлары, бастауыш сынып орынбасарлары, мемлекеттік және жеке меншік балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған