Жас қазақ тіілі мамандарына арналған семинар өтті

2024 жылғы 29 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес №35 «Ертегі» балабақшасында «Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер» тақырыбында  жас мамандарға арналған семинар өтті.

Семинар барысында №35 «Ертегі» балабақшасының қазақ тілі маманы Зейнуллина Зульфия «Қазақ тілі ұіә балалардың шығармашылық қабілеттерін ертегі арқылы дамыту» тақырыбында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті және мектепалды топ тәрбиеленушілері «Түлкі және көжек» ертегісін қазақ тілінде ойнап шықты. №30 «Қайнар» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Тлеубаева Шынар қазақ тілі ұіә балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын ТРИЗ, мнемотехника әдістерімен бөліссе, №77 «Қошақан» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Утешова Самал баланың шығармашылығын дидактикалық ойын арқылы дамытудағы инновациялық технологияларымен бөлісті. Қауымдастық жетекшісі Аршкенова Салтанат Абдалиевна алдағы өтетін семинарлардың маңыздылығымен қажеттілігін атап өтті. Жас мамандарға осы іспеттес тәжірибелік шебер-сыныптарды жиі ұйымдастырып, тәжірибе бөлісу керектігі назарға алынды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған