2024 жылғы 29 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №1 ППТК педагогтерінің тәжірибесін тарату мақсатында жалпы орта білім беру педагог-психологтарына арналған «Қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу қиындықтары бар балаларда әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастырудағы бірлескен ойындар» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинар барысында №1 ППТК педагог-психологтары өзара қарым-қатынас және әлеуметтік өзара әрекеттесу қиындықтары бар балалармен жұмыс істеудің озық педагогикалық тәжірибесімен бөлісті, жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтарымен тренинг элементтерін қолдана отырып, күрделілігі бойынша әртүрлі әлеуметтік-коммуникативтік ойындар, осы тақырып бойынша кейстерді өткізілді.
Семинарға қатысушылар ережелерге сәйкес қарапайым мағыналы ойындарды ойнады. Аутизмі бар балалармен түзету-дамыту жұмысының бастапқы кезеңінің ерекшеліктерін білді.
Мектеп психологтары бірлескен ойындар арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесу қиындықтары бар балаларды әлеуметтендіруде үлкен рөл атқаратынын түсінді. Егер қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесу қиындықтары бар бала мағыналы ойнауды үйренсе, ол қоршаған әлемге, күнделікті оқиғаларға, жақын адамдарға қызығушылық танытады, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға, еліктеуге, байланыста белсенді болуға мүмкіндік алады.
Семинар барлық тәжірибелік бағытты қамтыды және жалпы білім беретін мектептердің педагог-психологтары үшін өте пайдалы болды, өйткені аутизмі бар балалар үшін келесі кезең мектеп болады. Олардың мектеп қабырғасында одан әрі әлеуметтенуі жалғасатыны бәрімізге мәлім.
Бұл семинарға жалпы білім беретін мектептердің 80-ге жуық педагог-психологтары қатысып тәжірибе алды.