“Білім сапасын арттырудың  аса маңызды шарты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту” тақырыбында қалалық семинар — практикум өткізілді

2024 жылғы  Ә.Кекілбаев атындағы «BINOM SCHOOL» мектеп-лицейінде мектептің ашылуына бір жыл толуына және мектептің оқу-тәрбие  жоспарына сәйкес  “Білім сапасын арттырудың  аса маңызды шарты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту” тақырыбында қалалық семинар — практикум өткізілді.  Семинар барысында  Әбіш Кекілбаевқа арналған  бұрыш салтанатты түрде ашылды.

      Семинардың 1-ші бөлімінде педагогтер тәжірибесінен дайындалған көрме ұйымдастырылды.

     2-ші бөлімінде  практикалық бағытта 8 секция жұмыс жасады.  Педагогтер  практикалық жұмыстар орындау арқылы оқушылардың оқу дағдыларын арттыру, алған білімдерін практикамен ұштастырып өмірде қолдану дағдыларын жетілдіру тәсілдерін игерді.

     Қатысушылар өзара пікір алмасып, семинардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жоғары баға беріп, шығармашыл және ұтымды идеяларымен бөлісті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *