Педагогтерге арналған «Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» семинары

2024 жылғы 29 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері №36 орта мектебінің педагогтері үшін семинар өткізді. Іс — шараның мақсаты кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез — құлқының алдын алуға бағытталған. Педагогтерге жасөспірімдердің қауіпті мінез-құлық белгілерін тану, қиын жағдайлар туындаған кезде балаларды қолдау тәсілдері мен іс-қимылдар алгоритмі бойынша ұсыныстар берілді. Семинарда қаланың бес ауданында жұмыс істейтін психологиялық — консультациялық көмек көрсету кабинеттері туралы және балалар, ата-аналар мен педагогтар үшін тегін психологиялық кеңес алу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді. Семинар тыңдаушылары өз әсерлерімен бөлісіп, тақырыптың өзектілігін атап өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *