«Кәсіптік бағдарлау – дұрыс таңдау – табысты мансап» қалалық байқауы

2024 жылғы 28 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің Кәсіптік-техникалық колледжі Астана қаласының Әдістемелік орталығымен бірлесіп «Кәсіптік бағдарлау – дұрыс таңдау – табысты мансап» қалалық байқауын өткізді.

            Мақсаты: білім алушыларды қоғамдық маңызы бар кәсіптік бағдар беру қызметіне тарту, оқу орнының мамандықтарын ұсыну бойынша шығармашылық тәсілді жандандыру арқылы білім алушылардың жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға ықпал ету.

            Байқауға Астана қаласының ТжКББ ұйымдарынан 10 команда қатысты.

            Байқау екі кезеңде ұйымдастырылды:

– бірінші кезең (онлайн): колледж бойынша бейне экскурсия, «Менің мамандығым – менің мақтанышым» бейне сюжеттер байқауы;

– екінші кезең (офлайн): «Дұрыс таңдау жаса!»

            Байқаудың екі кезеңінің нәтижелері бойынша келесі жеңімпаз командалар анықталды:

1 дәрежелі Диплом – Кәсіптік-техникалық колледжі;

2 дәрежелі Диплом – Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық колледжі, «Томирис» медициналық колледжі;

3 дәрежелі Диплом – «Astana IT University» колледжі, Құрылыс-техникалық колледжі, «Шипагер» медициналық колледжі.

            Байқау бағдарламасы аясында Астана қаласының №78 және №90 мектеп-гимназияларының 9 сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру көрмесі ұйымдастырылды.

            Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған