2024 жылдың 29 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-нің «Мамандықтар академиясы» жобасы аясында және «Менеджмент, бизнес және білім беру колледжі» ЖШС ашылғанына 15 жыл толуына орай «Өз жолыңды тап» қалалық фестивалі өтті.
Фестивальдің өткізу мақсаты: мектеп оқушыларына мамандық таңдауда көмек көрсету және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.
Фестивальге мектеп оқушылары, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарлары, арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, әлеуметтік серіктестер мен колледж студенттері қатысты.
Мектеп оқушылары үшін келесі бағыттар бойынша 5 интерактивті алаң ұйымдастырылды:
- Дизайн әлемімен танысу;
- Жасанды интеллект: болашаққа бастама;
- Сұлулық индустриясы:өз-өзіне стилист;
- Құқықтық интуиция: мен және заң;
- Ең қажетті мамандық — педагог.
Алаңдарда мектеп оқушылары үшін «Тігін өндірісі және киім үлгілеу», «Шаштараз және сәндік косметика» мамандықтары бойынша колледждің жетекші педагогтерінен шеберлік – сыныптар ұйымдастырылды, жасанды интеллектті қолдану бойынша ақпараттық дайджест және кәсіби сауаттылықты дамыту бойынша квест — ойыны өтті, сонымен қатар педагогикалық қонақ бөлмесіне барып психологиялық-педагогикалық тренингтерге қатысты.
Фестивальде мектеп оқушылары қызықты мамандықтар әлемін ашты, ал колледж педагогтері кәсіптік бағдар беру бойынша тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды. Жалпы 80-ден астам мектеп оқушылары мен педагогтер қатысты.