2024 жылдың 28 ақпан күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №38 мектеп- лицейінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды сүйемелдеуде Білім беру ұйымдарының ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс жасайтын пән мұғалімдері мен арнайы мамандарына арналған семинар өтті.
Семинар барысында №38 мектеп- лицейі педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы педагогикалық іс- тәжірибелерімен бөлісіп психологиялық тренинг, практикалық жұмыстар жүргізді.
Атап айтсақ білім беру ұйымдарындағы арнайы мамандардың негізгі жұмыс алгоритмі, оқу үрдісіндегі мұғалімдердің, арнайы мамандардың рөлі, инклюзивті білім беруді қолдау кабинетіндегі жұмыстарына тоқталып, түзету жолдары практика жүзінде көрсетілді. Түзету-дамыту және ашық сабақтардан бөлек «Көркем еңбек» пәнін оқыту мәселелері және ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасаудағы іс-тәжірибелер (шебер сынып), «Менің нәзік әлемім» атты Райымбекқызы Асылжанның жетістіктер көрмесі, «Жылы жүрек-жомарт қол» көрмесі, Мирзалиев Рамазанның сурет көрмесі, саз балшықпен жұмыс, құм терапиясы ұйымдастырылып өткізді. Семинар қатысушылары өз қолдарымен саз балшықпен жұмыс жасап көрді. «Ерекше білім беруді қажет ететін балалардың факультатив сабақтарға қызығушылығын арттыру» тақырыбында коучинг, «ЕББҚ оқушыларымен нейропсихологиялық әдістерді тренингте қолдану тәсілдері» тақырыбында тренинг жүргізілді.
Семинарға 68 мұғалім қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті. Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.