«Бейімбет Майлин – кестелі ойдың шебері» қалалық оқыту семинары

2024 жылдың 27 ақпан күні  Б. Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері ЖанарМаман мен  Б. Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен  «Бейімбет Майлин – кестелі ойдың шебері» атты қалалық оқыту семинары  өтті.

   Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында жазушының  тарихи және әдеби мұрасын зерттеп жүрген педагогтердің жұмыстарымен таныстыру, насихаттау, дәріптеу, мұғалімдердің шығармашылық зерттеу, ғылыми қабілеттерін арттыру, озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау және тарату мақсатында өткен  шара Бейімбет Майлин мұражайына саяхаттаумен басталды. Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия мұражай меңгерушісі Тынғазы Аяулым Орынбекқызы қараша айында ашылған мұражайдағы құнды дүниелер және  мазмұнды құжаттармен таныстырды. Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп- гимназия директоры Бекжанова Жаудир Бактияровна мектептің бүгінгі мектеп тынысымен, жаңалықтарымен таныстырып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. «Атам жайлы бір үзік сыр» тақырыбымен Би ағаның ұрпақтары Сейітжанова Ляззат Әбілқасымқызы мен Ботакөз Тұрсынбекқызы аталарының өмірінен тебіренте естеліктерімен бөлісті.

          Семинар «Майлин – қазақ  тұрмысының шебер суреткері» дөңгелек үстел және «Жырлағаным – кедейдің жыры, сырлағаным – кедейдің сыры» шеберлік сыныптан, екі бөлімнен, тұрды. Аталмыш семинарға Астана қаласы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қамтылған тақырыптар:  «Б. Майлин әңгімелеріндегі ұлттық сипатты танытатын тілдік ерекшеліктер», Б. Майлиннің  «Түйебай» әңгімесіндегі қоғамдық жағдай көрінісі, «Жазушы шығармаларындағы ұлттық құндылықтар»,«Б. Майлин шығармаларындағы адамгершілік құндылықтардың заманауи педагогикасындағы орны», «Б. Майлиннің  «Түйебай» әңгімесіндегі қоғамдық жағдай көрінісі», «Б. Майлин шығармаларындағы адамгершілік құндылықтардың заманауи педагогикасындағы орны»,   «Бейімбет Майлин шығармаларындағы мақал-мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық-танымдық қызметі», «Б.Майлин шығармаларын оқытуда АКТ техологияларын қолдану»,  «Әдеби шығармалардың мазмұнын меңгертуде «Дебат»технологиясының тиімділігі»,  «Б.Майлиннің  «Шұғаның белгісі» әңгімесін оқытуда тиімді әдіс-тәсілдер арқылы оқу мақсатына қол жеткізу»,  «Б.Майлин шығармаларын оқытудағы кері байланыстың тиімді түрлері», «Экспансивті ойлау: оқытудағы инновация».Семинарға қатысқан спикерлер тақырыптарын кеңінен аша білді. Семинар өз мақсатына жетті. Семинарға қатысқан ұстаздар өз қоржындарына әдістемелік құнды дүниелерді алып кетті. Мұғалімдер жексенбі күні кездесіп Бейімбет бабамыздың шығармаларын талдап, зертттеуді әрі қарай үзбей жалғастырсақ деген ұсыныстарын ортаға салды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған