Функционалдық сауаттылық және болашақ құзыреттіліктер

2024 жылдың  28 ақпан  күні математика және жаратылыстану-ғылыми пәндерін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен  Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «BINOM School» мектеп-лицейінде «Функционалдық сауаттылық және болашақ құзыреттіліктер» тақырыбында  қалалық оқыту семинар  өтті.

Бағдарламаның мақсатына сәйкес НЗМ ДББҰ ПШО тренері, №37 МЛ, №84 МЛ, Қаныш Сәтбаев, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «BINOM School» мектеп-лицейі мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісті. Семинар бағдарламасының мазмұны мақсатына сай үлгілі озық тәжірибелі ұстаздардың диалог алаңы, шеберлік сабағы және ашық сабақтан құралды.

Қазіргі таңда оқытуда оқушының ойлауына қолдау көрсету маңызды саналады, яғни алған білімін қолдана алатын технократтарды дайындауға үлес қосу. Осы орайда мұғалімдерге тиімді сабақ жоспарлау және оны қолдануда көп тәжірибелер алмасуды қажет етеді. Жалпы заман талабына сай білім беру біздің ортақ мүддеміз.

Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізді. Кері байланыс Падлет тақтасы арқылы жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған