«Әдістемелік десант» жобасы

2024 жылғы 27 ақпан күні Әдістемелік орталықтың ТжКББ бөлімінің әдіскерлері «Әдістемелік десант» жобасы аясында «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» педагогтеріне оқыту семинарын өткізді.

Семинар қатысушыларына педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, авторлық әзірленімдерді дайындау, оқу үрдісінде заманауи педагогикалық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. Сонымен қатар Көлік және коммуникациялар жоғары колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Чалгинбаева Г.С. геймификацияны пайдалану бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара барысында колледж педагогтері педагогикалық тренингке қатысып, оқу-әдістемелік жұмысының проблемалық мәселелерін талқылады.

          Әдістемелік семинарға 30-дан астам педагог қатысты.

One comment

  1. «Әдістемелік десант» іс шарасы тек қана жаңа педагогке ғана емес сонымен қатар бірнеше жыл тәжірибиесі бар оқытушылар үшін өте тиімді болды. Бұл іс шара жыл сайын жалғасын табатынана сенемін!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған