«ҰРПАҚ. ҚҰНДЫЛЫҚ. ӘЛЕМ» қалалық семинар

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы аясында 2024 жылғы 28 ақпан күні Әлихан Бөкейханов атындағы №76 мектеп-лицейі «ҰРПАҚ. ҚҰНДЫЛЫҚ. ӘЛЕМ» тақырыбында қалалық семинары өтті.

Іс-шара барысында бастауыш, орта буыннан құрылған «Жас орда», «Әдемі-ай» тобының «Ерке сылқым», «Адай», «Әке толғауы», «Түркімен», «Балбырауын», «Көк ту» күйлерімен және «Қазақтай ел қайда?», «Қалқатай дауысы», «Беу, айдай» әндерімен қарсы алды. «Әлихан мұрагерлері» студиясы өзінің кезекті жұмысын бастап, бүгінгі болатын жаңалықтарымен тікелей эфир жүргізіп бөлісті. Мектеп мұражайында «Әлихан және рухани серпін» тақырыбында қонақтарға таныстыру жұмысы жүргізіліп, «Fab Lab» дәлізінде «Қолөнер арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу» жұмысымен жалғасын тапты. Мектептің әр блогында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында құндылықтарға бағытталған көрмелер ұйымдастырылған. Екінші қабатта мектебіміздің ата-анасы Аңсаған Мұстафаның сурет көрмесімен ұласты. Семинардың ашылу салтанатын Республикалық әншілер байқауларының лауреаты, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Шалқар радиосының аға редакторы, әнші, журналист Базарбек Жасұлан Наурызбайұлы семинар тізгінін алып жүргізіп отырса, «Қара шаңырақ «ҚБ директоры, этнология магистрі, ҚР журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері Шәкен Тұрар Сәттарқызы, Оңтүстік Кореяның суретшілер одағының мүшесі, Аңсаған Мұстафа келіп рух сабағын жүргізді. Семинар бағдарламасында құндылыққа негізделген 21 сабақ (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, геометрия, экология, орыс тілі, денешынықтыру, информатика және көркем еңбек кіріктірілген, физика мен музыка кірітірілген сабақ және т.б.) және 6 танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Құндылыққа бағытталған шебер сабақтар, кіріктірілген сабақтар, эко-үстел ойыны, этно ұлттық сайыс, өнеге сағаттары, КВЕСТ ойындары, «8 минуттық оқу», «Оқуға құштар» жобасы бойынша сабақтар және Қазақстанның батыс, шығыс, оңтүстік, ұлт ұясы Ұлытау өңірлерінен тікелей телемост жүргізіледі.

Семинар соңында «Жас сарбаздар» клубының «Міндет. Абырой. Ерлік.» патриоттық шарасымен және ұжымдық «Алаш туы, «Қазақ» патриоттық әндерімен аяқталды.

Семинарға қала мектептерінің 95-ке жуық оқу орынбасарлары, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері және сынып жетекшілері қатысты. Семинар соңында ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы Әлімжанов Баянғали Тақанұлы мектепке кітаптарын сыйға тартты. Қатысушылар педагогтер сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқыланды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған