Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес білім сапасы бойынша пәндердің берілуін, сынып оқушыларының пәндік білім-білік дағдыларын бақылау арқылы №96 мектеп-гимназиясында әдістемелік күн ұйымдастырылды.
Мақсаты-педагогтердің сабақ беру әдістемесін, білім сапасын арттыру үшін қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді бақылау, оларға кәсіби шеберлігін арттыруда әдістемелік қолдау көрсету.
Әдістемелік күн барысында қазақ тілі, ағылшын тілі, математика пәндері бойынша сабақтарға қатысып, сабақтардың берілу сапасы, оқушылардың пәндік білім, білік дағдыларын бақылап, сабақтарға жан-жақты талдау жасай отырып, сындарлы кері байланыс орнатты.