2024 жылғы 21 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК «Математика пәнінде инновациялық әдістер, стратегиялар мен технологияларды қолдану» тақырыбында қалалық оқыту семинары өтті.
Семинар барысында спикерлер өз іс- тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға 52 қала мектептерінің математика пәні мұғалімдері қатысты.
Аталған семинарға А. Аликулов «iPad жəне Apple TV -ді математика пəнінде тиім қолдану жолдары», Д. Насыр «Жаңа Инновациялық əдістер мен технологияларды сабақта қолдану», М. Лайбекова «Олимпиадалық есептерді талдау» Гуль Муаммер «Тиімді олимпиада басқару», А. Байтенов «AI-ды математика пəні мұғалімдеріне оқу процесіне қолданып сабақ беру» тақырыптарында өздерінің іс-тәжірибесіндегі жаңа технологиялары мен әдістерін таныстырды.
Қатысқан мұғалімдердің кері байланыстары Падлет тақтасы арқылы жүргізілді.
Семинар соңында қала педагогтері спикерлермен ой бөлісіп, кері байланыс жүргізілді.