«Жанжалды жағдайлар және оларды шешу жолдары» семинар-практикумы

2024 жылдың 21 ақпан күні Әдістемелік орталықтың психологиялық сүйемелдеу бөлімі Л.Гумилев атындағы ЕНУ колледжінің педагогтерімен «Жанжалды жағдайлар және оларды шешу жолдары» тақырыбында семинар-практикумын өткізді. Семинарға 29 педагог қатысты.

Семинарда бөлім әдіскерлері педагогикалық ұжымда туындайтын жанжал түрлері, оның себептері мен ерекшеліктері, салдары туралы айтып берді.

Практикалық жұмыста жанжалдағы қарым-қатынас әдістерін игеру және жанжалды шешудің әртүрлі тәсілдері көрсетілді. Семинарға қатысушыларға бейнероликтер көрсетіліп, жанжалды жағдаятар шешімін табу кейсіне талдау жасалды және тренингтік жаттығулар өткізілді.

Семинар соңында педагогтарға осы бағытта профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді, педагогтар іс-шараның әдістемелік маңыздылығын атап өтіп, одан әрі әдістемелік қолдау туралы өз тілектерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған