Олимпиадалық есептердің оңай шешу әдіс-тәсілдері

Астана қаласы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен №56 мектеп-лицей базасында «Олимпиадалық есептердің оңай шешу әдіс-тәсілдері» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық оқыту семинары өтті.
Семинарда «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының ұстаздары Сыздықов Асқар Серікболұлы, «Олимпиадада кездесетін теңдеулерді шығару тәсілдері» тақырыбында, Асқар Ақарыс «Олимпиадалық күрделі теңсіздіктерді шығару жолдары» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Мәуіт Рысбек «Жас математик» олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттады.

Семинарға қатысқан педагогтер ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдіріп, тағлымды тәжірибе алғанын айтты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған