«Құндылықтар – мектептің біртұтас педагогикалық үдерістің негізі» қалалық семинар

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК жоспарына сәйкес «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасы аясында 2024 жылғы 21 ақпан күні Мұхтар Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназия базасында «Құндылықтар – мектептің біртұтас педагогикалық үдерістің негізі» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізін құндылықтар арқылы көрсету. Семинар мектептегі «Құндылыққа негізделген білім беру» жобасы аясындағы жұмыстарының көрмесінде оқушылардың шығармашылық жобаларын көрсетті. Сыныптан тыс жұмыстарда да мектеп ұжымының құндылықтарға негізделген үштік одақ жұмысы, «Оқуға құштар мектеп» жобасы сынды жұмыстардың жүйелі нәтижесін көрсете білді.

«Құндылықтарға негізделген тәрбие» тақырыбындағы Q-talks алаңында білім мен тәрбие беруде жас ұрпақ бойына құндылықтар дарыту мәселесі талқыланып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған тақырыптарды талқылады және соңында іс-шараны қорытындылай отырып, талқылау өткізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған