«Global Scholars» жобасы: өзекті мәселелер» тақырыбында практикалық семинар

2024 жылғы 21 ақпан күні «Global scholars» халықаралық жобасы аясында №57 орта мектеп базасында бағдарламаны жүзеге асыратын мектеп үйлестірушілеріне арналған «Global Scholars» жобасы: өзекті мәселелер» тақырыбында практикалық семинар өткізілді. Семинарға 31 мектептен 66 педагог пен жоба үйлестірушілері  қатысты.

Семинар барысында «Ойға шабуыл» кезеңі, бағдарламаның ерекшеліктері, сабақтардың тиімді өткізу жолдары, қолданылатын цифрлық құралдары, платформадағы оқушының іс – әрекеті, басқа елдегі оқушыларға қалай жауап беру және кері байланыс алу үлгісі туралы мәселелер талқыланды.

Семинар соңында педагогтер «Көңілді ұстаздар» сергіту сәтіне қатысып, кері байланыс жасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған