Кәсіптік білім беру ұйымында инклюзивті ортаны қалыптастыру

2024 жылғы 20 ақпан күні Әдістемелік орталықтың ТжКББ бөлімінің жұмыс жоспары бойынша «Кәсіптік білім беру ұйымында инклюзивті ортаны қалыптастыру» семинар-практикумы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен оқу процесін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу.

Семинар барысында ТжКББ білім беру ұйымдарында инклюзивті орта құру, мүмкіндігі шектеулі студенттердің қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері, білім беру процесіне ерекше қабілеті бар студенттерді даярлау, инклюзивті білім беру процесін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, семинар қатысушыларына «Интерьер дизайны» тақырыбында ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттердің қатысуымен шебер-сынып ұсынылды.

Семинар соңында қатысушылар кері байланыс беріп, пікір алмасты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған