ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН ОЙЫН ЖАТТЫҒУЛАРЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

19.02.2024 күні    Астана қаласы  әкімдігінің  «Әдістемелік орталығы» МКҚК,    қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні Педагогикалық қоғамдастығы мен №64 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен  «Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық іс-әрекетін ойын жаттығулары арқылы дамыту» тақырыбындағы  пән мұғалімдеріне арналған қалалық оқыту семинар өтті.

Семинарға ПШО тренері Сара Еркиновна Ұлтанбаева, Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері  Жанар  Сейтахметқызы  Маман, №63 мектеп-гимназия, №52 мектеп-гимназия, Қадыр Мырза Әлі атындағы Бином school, жалпы орта білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Оқыту семинарының 1-бөлімінде  алғы сөзді мектеп директоры   Бану Алимжановна  Баймуратова    алды. Өз сөзінде  инклюзия ерекше білімді қажет ететін балалар үшін ғана емес, дені сау балалар үшін де дамыған, ізгілікті және тиімді жүйе ретінде танылатындығын, олардың әрқайсысының даралығын құрметтеу және қабылдау арқылы тұлғаның қалыптасуы ықпал жасау бүгінгі ұстаздың міндеті болуы керек. Бүгінгі семинарда шебер-сынып көрсетуші  қала мектептерінің мұғалімдері  өз  іс-тәжірибелерімен ортақтаспақшы, оқыту семинарынан  жақсы нәтиже күтеміз   деді.

 Екінші кезекте ПШО тренері   Сара Еркиновна Ұлтанбаева  мен оқу ісі орынбасары Айнаш Керейбаевна Курманбекова «Инклюзивті білім беру негіздері, құралдары және практикалық шешімдері»  тақырыбында  сөз алды. Ерекше білімді қажет етуші оқушыларға білім беру ерекшеліктерінің негізіне, сабақ берудегі  әдіс- тәсілдері, бағалау талаптарына тоқталды.    

  Оқыту семинарының 2 бөлімде  шебер-сыныптар көрсетілді.   1-топ    модераторы Динара Батыровна  Жусупбекованың модераторлығымен  №63 мектеп-гимназия  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің   мұғалімдері: Бахина Олжабаевна Бигожина,  Мирамкул Муратхановна Жусупова  «Тәжірибе мен шешімдер» тақырыбында, 2-топта   Гаухар Асқанбекқызы Букенова  модераторлығымен  Қадыр Мырза Әлі атындағы Бином school  мұғалімдері:  Жанар Бибитовна Алпанова,  Эльмира Кенесовна Баймағанбетова «Инклюзия: қызықты оқу және ерекше көзқарас» тақырыбында, 3-топта Жанат Абеновна Табыспаева   модераторлығымен «№64 мектеп-лицей» мұғалімдері: Алтынгуль Бахреденовна  Шотпаева,Айжаркын Кузенбаевна Ондыбаева  «Теориядан практикаға: Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» шығармасын оқыту» тақырыбында, 4- топта      Сауле  Елтаевна  Нұрғожинаның модераторлығымен «№64 мектеп-лицей» жас мамандары   Эльмира Темірғалиқызы   Карымсакова мен Тоқжан Бақытханқызы  Ибраймова «Оқу мақсаты негізіндегі   танымдық тапсырмалар  (М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы) тақырыбында,  5-топта  Ардақ Амантайқызы Дәуренбекова модераторлығымен  №52 мектеп- гимназия ұстаздары Калиева Акжанай Еркинбаевна,  Тунгишбаева Айжан Корабаевна «Тәжірибедегі әдістеме: танымдық тапсырмалар» тақырыбында  шебер-сыныптар юолды. Қатысушылар ерекше білім етуді қажет ететін оқушыларды оқытудағы бейімдеп, жеке оқытудың ерекшеліктеріне, ктж, қмж жазуда ЕББҚ  бөлімі қалай жазылады, оқушының қажеттілігіне қарай тапсырмаларды қандай әдіс-тәсілмен береміз  т.б сұрақтарға жауап ала  алды.  

Соңында  «Пікір алмасу»  алаңын «Әдістемелік орталығы» МКҚК әдіскері  Жанар Сейтахметқызы Маманова  мен педагогтер қоғамдастығы мүшесі, «№64 мектеп- лицей» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.А Букенова  жүргізді. Пікір алаңында шебер-сыныпқа қатысушы мұғалімдердің пікір, ұсыныстары тыңдалды. «Ерекше балалармен жұмыс істеу барысында мұғалім шыдамды, ұстамды, жауапты және толерантты болуы керек. Баланың кейбірі дұрыс отыра алмайды немесе сөйлей алмайды. Кейбірінің мінез-құлқы қиын. Мектеп бағдарламасын толық қамти алмайды. Сол себепті барлық жағынан көмек бере алатын тәсілге жүгінуіміз керек екенін ескеруіміз керек. Әрине, басқа оқушылар өтіп жатқан тақырыпты ерекше балалар да оқиды. Тек жеткізу тәсіліміз басқа. Тақырып баланың қабылдауына қиын болса, ең керек бөлігін ғана үйретуіміз керек» деген пікірлер айтылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған