География сабағында оқушылардың интеллектуалдық  және шығармашылық қабілеттерін дамыту

             Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың  жұмыс жоспарына сәйкес «География сабағында оқушылардың интеллектуалдық  және шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында  білім беру ұйымдарының география пәні мұғалімдеріне арналған  қалалық семинар ұйымдастырылды. Қалалық семинарда  №29 орта мектептің география пәні мұғалімі Садманова И,  №92 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі     Қалбек С, №53 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі  Г. Нұржанова, №11 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі К.Бердияровалар өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.

              Әдістемелік орталықтың әдіскері Р.Айгараева «Педагогтердің педагогикалық іс-тәжірибелерінің негізгі  кезеңдері және тарату түрлері»  тақырыбында  кеңінен мағлұмат берді.

            Семинарға қатысушылар спикерлерге белсенділіктері үшін рахметтерін айтып. Өз ойларымен бөлісті. Семинар нәтижесінде бірқатар ұсыныстар қабылданды.

            Спикерлердің  семинар кезінде көрсеткен озық әдіс-тәсілдерін, тәжірибелерін  қатысушыларға   мектептерінде іс жүзінде қолдануға тапсырма берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған