«Ынталандыру – табысты оқытудың шарты» тақырыбында қалалық семинар өтті

2024 жылдың 15 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен  Ж. Жабаев  атындағы № 4 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен   «Ынталандыру – табысты оқытудың шарты» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Атаулы семинар  «Білім-Инновация» ер балаларға арналған лицейі мен  Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы ұжымының бірлесуімен жүзеге асты. Табысты оқытудың шартын көздеген тақырып мақсаты мен өзектілігі –  үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты арттыруға бағытталды.

Семинардың алғы сөзін мектеп директоры Б. Магзумова алып, семинар қатысушыларын бағдарламамен таныстырып өтті. Іс-шараға  қатысушылар алдымен   мектепте жүргізілген «Lesson study» топтарының жұмысымен  танысып, арнайы ұйымдастырылған   коучинтерге  қатысты.  Оқу саласындағы зерттеулермен кәсіби тұрғыда пікір алмасуды көздеген  6 коучинг өткізілді.  Коучтер үлгерімі төмен оқушыларды аныктау, окушылардың өзін-өзі бағалауы аркылы оқу мотивациясын жетілдіру жолдарын, олармен жұмыс істеудегі тиімді әдіс-тәсілдерді бөлісу жайында болды.  

Семинар барысында Ж. Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназиясының 24 мұғалімі ашық сабақ беріп,  өз әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сабақтарда   үштік әдіс  аркылы оқылым дағдысын калыптастыру, бөлінген көшбасшылык арқылы жұптық жұмысты ұйымдастыру, модельдеу әдісінің  тиімділігі, топтық  жұмыстар арқылы нақты ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, ойын технологиясы аркылы танымдық белсенділіктерін арттыру жұмыстары  көрсетілді. Атап көрсетілген әдістердің қыр-сырын жетік меңгерген  мектеп ұстаздары семинар қатысушыларына  өз тәжірибелерін жоғары деңгейде көрсете білді.   

Семинар соңында, мектептің ғылыми әдіскері  А. Кошметова педагогикалық тәжірибе алаңына жиналған семинар қатысушыларымен   QR арқылы  пікір алмасып, кері байланыс жасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған