«Кәсіби күйзелістің алдын алу» семинар-тренингі

2024 жылдың 13 ​​ақпанында МКҚК «Әдістемелік орталығы» психологиялық сүйемелдеу бөлімі жоспар бойынша Астана қаласындағы     № 78 мектеп мұғалімдеріне кезекті «Кәсіби күйзелістің алдын алу» атты семинар-тренингін өткізді. Кәсіби, эмоционалды шаршау жұмыстың тиімділігіне ғана емес, сонымен қатар жұмыс істейтін адамның денсаулығына да теріс әсер етеді. Осыған орай, семинар-тренингте эмоционалды күйзелудің алғашқы белгілері, оның иммунитетке әсері туралы ақпарат және алдын алу құралдары берілді. Алдын алу құралдарын жүйелі түрде қолдану жақсы эмоционалдық күйді сақтауға мүмкіндік береді және мұғалімдердің жұмысына да оң әсерін тигізеді.

Алдағы уақытта аталған семинар-тренинг №71, 81 и 90 мектеп мұғалімдеріне өткізіледі.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған