ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ-КӘСІБИ ҚАЖЕТТІЛІКТІ ШЫҢДАУ

Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназия базасында “Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін оқытуда жаңа тәсілдерді қолдану” тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарға жалпы білім беру ұйымдарының химия, биология, география және физика пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинарға Әдістемелік орталықтың әдіскері Қ.Нұртаева қатысып, «Қазіргі жағдайдағы функционалдық сауаттылық тұлғаны дамытудың негіздері» тақырыбында сөз қозғады.

Теориялық бөлімде Нуркенов С.А, Берденова М.Т, Шаймаханов Т.С, Жакипбеков Е.О өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Тәжірибелік бөлімінде №2 мектеп-гимназияның педагогтері Құрманалы Ә.Е, Хобдашқызы А, Абылгазинова Г.К, Ғапу Мадина, Аубакирова Ш.Н, Ермаханова А.О, Кизатова А.О, Рамазанов М.А, Жумагулова Ш.А, Сейдахметова Т.С, Садвакасова Р.В, Смагулова А.Т, Залетаева А.К. семинарда көрсеткен сабақтарында, коучингтерінде озық әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Іс-шара соңында, ұстаздар алған әсерлерімен бөлісіп, құнды әдістемелік шара семинарды қорытындылады. Тәжірибеге бағытталған семинар өз мақсатына жетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған