Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған қалалық семинар

2024 жылдың 16 ақпан күні  Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен №31 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне «Бастауыш мектепте жаңартылған білім беру мазмұны аясында жалпы адамзаттық құндылықтарды сіңіру» тақырыбында қалалық семинар өткізді. Семинардың тәжірибе алмасу және педагогтердің кәсіби білімін арттыру  мақсатында  ұйымдастырылғандығы  туралы   мектеп  директоры  А.Чужетова айтып өтті. Әдістемелік орталықтың әдіскері «Сабақта қолданатын интербелсенді әдіс-тәсілдер» туралы ой бөлісті.

Іс-шараның негізгі бөлімінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Рустемова «Балалардың бойындағы құндылықты қалыптастырудағы білім берудің рөлі» тақырыбында сөз сөйлесе, өзекті ақпаратты  № 22 мектеп-гимназиясының мұғалімі  Б. Сартаева «Kundelik.kz» электрондық журнал арқылы оқу дағдыларын дамыту үшін сындарлы диалог түрін ұсынды.Қала мұғалімдері келесі ашық сабақтарға қатысты: математика сабағы «Үш таңбалы санды дәрежеден өтпестен бір таңбалы санға жазбаша көбейту», мұғалімі И.Белятко, орыс тілі сабағы «Етістіктің түрі», мұғалімі И.Ткачева, жаратылыстану сабағы «Ғарышты игеру тарихы», мұғалімі Н. Дубилевич, орыс тілі сабағы «Сын есім сөз таптарының түрі», мұғалімі О.Кусаинова, математика сабағы «Есептерді шешу» А. Досанова, орыс тілі сабағы  «Зат есім» В.  Гемерлинг. Семинарға басқа мектептердің мұғалімдері де белсенді қатысып, келесі сабақтарды өткізді: әдебиеттік оқыту И. Пивоварова «Табиғатты қорғау күні»,  «Табиғат біздің үйіміз».  Н. Шороха    № 27 мектеп-лицейінің  мұғалімі, жаратылыстану  «Жер және ғарыш».    

Шеберлік сабақтар да қызықты өтті. Ф. Агубаева мен Ж. Рахымғалиева «Қара жәшік» деген қызықты атаумен шебер – сынып өткізді. Қазіргі заманғы қара жәшік деген жұмбақ пен қызығушылыққа толы, назарын өзіне аударатын болғандықтан, Ф. Қайратовна мен Ж. Мейрамқызы QR-кодты пайдалана отырып, оқушыларға арналған тапсырмалардың әртүрлі түрлерін көрсете отырып, білім беру мәселесін шешу үшін мобильді құрылғымен жұмыс істеу қағидаларын практикалық түрде игеруді көрсетті.«Бастауыш мектепте инклюзивті білім беру жағдайында балалармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдері» шеберлік-сыныбында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ю. Фролова және арнайы педагог М.  Бейсембекова ЕБҚЕ  балаларды оқыту әдістерінің ерекшеліктері туралы релаксация әдістерін көрсетті.

 Семинар соңында, ұстаздар іс-шарадан алған әсерлері туралы ой бөлісіп, кері байланыстарын берді.  

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған