«Әке-тірегің, ана-жүрегің» қалалық форум

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік ортағы» МКҚК 2024 жылғы 16 ақпан күні Әкелер қауымдастығы жұмысы аясында Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясында «Әке-тірегің, ана-жүрегің» тақырыбында қалалық форум өтті.

Форумның мақсаты – жағымды отбасының бейнесін дәріптеу, балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, ізгілікті-рухани құндылықтар негізінде қоғамда белсенді азаматтарды қалыптастыру, отбасы, мектеп, жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен қоғамдық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты жандандыру, жасөспірімдер арасындағы бақылаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына ер азаматтарды тарту, бала бойында тәртіп, жауапкершілік, еңбекқорлық, шығармашылық қабілеттерді, салауатты өмір салтын қалыптастыруда әкелермен тәжірибе алмасу, ойбөлісу.

Іс-шара барсында Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназия директоры Нугуманов Сырым Ботаханұлы және Астана қаласы «Әдістемелік орталығы» МКҚК тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Даримбетов Жанболат Нигметович алғы сөздерін айтты.

Бұл форумды әкелер қауымдасытығының мүшесі және мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Искаков Бауыржан Мұратбекұлы ұйымдастырды. «Ұрпақ әкеге қарап бой түзейді» атты баяндамасында «Ұрпағымыздың бойында ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді жетілдірсек, сонда ғана халқының салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін азаматты қалыптастырамыз» – дей келе, форумдағы баяндамасын Әбу Насыр әл-Фарабидің сөзімен түйіндеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне азап әкеледі».

Форумды мектептің психолог мамандары «Психологиялық көңіл-күй» деген арнайы ойындарымен жалғастырды.

Қалалық форумның екінші тәжірибелік бөлімінде әкелермен «Отбасылық тақырыптағы көркем сурет», «Домбыра-қазақтың асыл қазынасы», «Тоқтаңыз! Өтіп кетпеңіз», «Кемедегі аспазшы», « Бес тас», «Жеңімпаз болу үшін туылған», «Шебер қолдар», «Ақылды күрескер, барлық жерде жақсы!», «Team building», «Әке мені биге шақыршы» шеберлік сағаттары өткізілді.

Форум соңында әкелер қауымдастығының төрағасы Күзембай Бекдайыр Нығметұлы келген барлық әкелерге мектеп басшылығы тарапынан алғыс айтылып, алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс атқаратын болып келісілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған