2024 жылдың 14 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталықтың әдіскері Нұртаева Қанымай Өзбекбайқызы ұйымдастыруымен №75 мектеп-гимназиясында “Сабақ сапасы — ұстаз біліктілігінде” тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарда қала мектептерінің педагог-шеберлері шебер-сынып сағаттарын, коучинг, тренингтер өткізді. Ұстаздарды атап айтсақ, Тулегенова Салтанат Женисхановна, К.Сатпаев атындағы Binom school мектеп-лицейінің математика пәнінің шебер-педагогы; Жакупова Гульнара Амангельдиновна, Аскарбекова Балымкул Дайрашовна, 50 мектеп-лицейінің математика пәнінің шебер-педагогы, Каришева Назым Кудайбергеновна, № 75 мектеп-гимназиясының математика пәнінің шебер-педагогы, Сауытбай Рустем Серікұлы, Астана қыздар Білім инновация лицейінің математика пәнінің шебер-педагогы, Курмантаева Бибинур Бексултановна, № 75 мектеп-гимназиясының математика пәнінің шебер-педагогы, Дюсенова Шамшибану Аманжоловна «№82″Дарын» мамандандырылған лицейі»КММ, Молдахметова Гуляр Жортуевна, №1 мектеп-лицейінің математика пәнінің шебер-педагогы, Ибраева Ляззат Шарипхановна, №22 мектеп-лицейінің математика пәнінің шебер-педагогы. Іс-шараға барлығы 65 педагог қатысты. Семинар соңында қатысушылармен ашық микрофон арқылы диалогтік алаң құрылып, өзара пікір алмасып, кері байланыс жасалды. Қатысушылар іс-тәжірибесімен бөліскен педагогтерге, ұйымдастырушы Нұртаева Қанымай Өзбекбайқызы жылы лебіздерін білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.