Әдіскерлер колледж оқытушылары А.А.Анарова, З.Х.Рахманбердыева және Е.Н.Копбаеваның сабақтарына қатысты

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК-ның жұмыс жоспарына сәйкес ТжКБ бөлімінің әдіскерлері Н.С.Исина және Б.К.Сейдахметова тарапынан 2024 жылғы 15 ақпан күні «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК-нда әдістемелік күн ұйымдастырылды. Әдіскерлер колледж оқытушылары А.А.Анарова, З.Х.Рахманбердыева және Е.Н.Копбаеваның сабақтарына қатысты.

Әр сабақтың соңында талдау жасалып, әдістемелік ұсыныстар берілді. Білім алушылардың пәнді жақсы меңгергені, педагогтердің оқытудың заманауи формалары мен әдістерін орынды қолданғаны және оқу үрдісін шебер ұйымдастырғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, колледждің оқу-әдістемелік және оқу-өндірістік қызметі бойынша құжаттамалардың жүргізілу барысы зерделенді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған