«Өзгерістерден ізденістерге дейін» алаң жұмысы

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерімен орталық әдіскері Маман Жанардың ұйымдастырумен  іс-әрекеттегі зерттеу (Action Research) жұмысы жалғасуда.  Білім беру сапасын арттыру мақсатында «Өзгерістерден ізденістерге дейін» Назарбаев зияткерлік мектебімен тәжірибе алмасу жұмыс алаңын ФМБ НЗМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,  ментор ретінде бекітілген Меңдібаева  Салтанат Әблахатқызы жоспар бойынша  әр жұманың бейсенбі күндері жұмыс тобымен жұмыс жүргізіп келе жатыр.

2024 жылдың ақпан айынан бастап қала мұғалімдері AR зерттеулері бойынша кезекті талқылауларын ФМБ НЗМ-де жалғастырды. Пәндік зерттеулер биылғы жылы сыни шолу, сыни хабарлама, сыни пікір, сыни мақала жазуды қалыптастыруға бағытталған.

          Осы тақырып бойынша  әдебиет оқу, әдебиеттерге шолу жасау бірнеше айға созылғанына қарамастан, жинақталған әдістемелік білімді оқу процесінде сынау – мұғалімдер үшін ең жемісті кезең. Осы айдан бастап мұғалімдер С.А. Меңдібаеваның сабағына қатысып,  зерттеу фокусын тәжірибеге бағыттап, бірнеше түйін жасады:

•        оқушыларға сабақ мақсатымен жұмыс істеудің әр кезеңінің маңыздылығына;

•        тапсырмалардың мақсатқа сай құрылуына;

•        сыни хабарлама жазуда дереккөздермен жұмыс істеуді меңгертуге;

•        сілтеме жасау арқылы пікірін дәлелдеуге;

•        сыни хабарлама көркем шығармаға баға беруге негізделетініне;

•        сыни хабарламаның жанрлық ерекшелігін нұсқаулық түрінде берудің тиімділігіне көз жеткізді.

Сабақтан кейінгі талқылаулар келесі кездесудің түйінді мәселелеріне бағытталды. Сыни хабарлама жазу бойынша келесі сабақ бірлесе жоспарланып, алдынғы сабақтағы қиындық тудырған тапсырмалар қайта қарастырылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған