Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2024 жылдың 14 ақпан күні педагогтердің кәсіби құзырлығын қалыптастыруда интер белсенді әдістерді тиімді пайдалану және тәжірибе алмасу мақсатында № 89 мектеп-лицейінде «Interactive methods of teaching English» қалалық семинар практикум ұйымдастырды.
Аталған іс-шараға орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.
89 мектеп-лицейінің әкімшілігі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің сапалық құрамымен таныстырып, семинардың мақсатын айтып өтті.
Әдістемелік орталықтың әдіскері Амирова Алтынай Бекбаевна ағылшын тілін оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдердің тиімді түрлерімен таныстырып өтті.
№89 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ш.Т. Кусаинова 9-сыныпта «Carnivals and festivals» тақырыбында, Ф.Ж. Асанова 3-сыныпта «Exploring space» тақырыбында, Д.Е. Динжуманова 8 сыныпта «Natural reserves» тақырыбында; Б.Т. Сәрсенбай 5-сыныпта «A review of a film» тақырыбында, А.Д. Айсабаева 4-сыныпта «Healthy world» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.
Пән мұғалімдерінің қатысуымен А.Н. Сералина және Г.М. Төребекова «The effective ways of improving reading skills through IT tools» тақырыбында; С.Б. Аралбай және Б.С. Қасымова «Development of students’ listening skills» тақырыбында семинардың секциялық бөлімінде коучингтер өткізді.
А.Г. Султанбекова және Б.Е. Аманжолова келген мұғалімдермен «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы сөйлеу және ақыл-ой әрекетін дамыту» тақырыбында әңгімелесу кезеңін өткізді. Сондай-ақ, 11-сынып оқушыларымен «Should the Government Control the Use of Artificial Intelligence?» тақырыбында дебат өткізді.
Секциялық бөлімінде көрсетілген мектептердің педагог зертеушілері: №38 мектеп-лицей К.М. Бекмухамбетова «Teaching English grammar through interactive methods» және Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM мектеп-лицейі С.Қ. Ескендір «Unlocking the Potential: Interactive Teaching Approaches in English Language classroom» тақырыбында шеберлік сыныптар өткізді.
Семинар 5-сыныптың қойылуымен ағылшын пән мұғалімі У.А. Абдиева ұйымдастырған «Күлшеқыз» ертегісімен аяқталып, соңында Әдістемелік орталықтың әдіскері А. Амирова іс-шараны қорытындылап қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Қала мектептерінен 60-қа жуық мұғалім қатысты.