Функционалдық сауаттылық- білім, білік дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы

          Астана қаласы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында 

14 ақпан 2024 жылы «Функционалдық сауаттылық- білім, білік дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы» тақырыбында жас мамандарға арналған қалалық семинар өтті.

      Мақсаты: Пәндік құзыреттіліктерді дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Семинарды  мектеп директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Ш.М. Утегенова мен Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық»  МКҚК әдіскері Ш.Х.Шакирова ашты. Қалалық семинар екі кезең бойынша жүргізілді.

 «Педагогикалық жәрмеңке» ашық сабақтар алаңында  мектебіміздің 18 мұғалім, сонымен қатар, басқа да серіктес І.Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназия, №95 мектеп-лицей, Қ.Сәтбаев атындағы №61мектеп-лицейінен  білімді де білікті ұстаздар  ашық сабақ өткізді. «Педагогикалық шеберхана» шебер-сынып алаңында «Оқу сауаттылығы- оқушылардың функционалды сауаттылығының негізінде» 7 шеберлік  сынып көрсетілді. Бұл алаңда ұстаздар деңгейлік тапсырмалар, ғылыми жоба жұмысын жазуға дайындық жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, оқу сауаттылығының дамытудың тиімді әдіс- тәсілдерімен бөлісті.

     «Ұлттық құндылықтарды күнделікті тәжірибеде пайдалана отырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингте жас мамандар топтық жұмыста белсенділік танытты.

       Семинардың қорытынды бөлімінде  қатысқан жас мамандар  алған әсерлерімен «Padlet» тақтасы әдісі арқылы бөлісіп,  ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарда заманауи үрдістегі сапалы білім беруде қолданған әдіс –тәсілдердің барлығы білім сапасын арттыруға бағытталғанын және ұстаздардың ізденімпаздығы мен жаңашылдығына ерекше тоқталып, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинар болғандығын атап өтті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған