Пәндік олимпиадаға дайындық пен стратегиялық біліктілікті арттыру

Астана қаласы, Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен 2024 жылғы 13 ақпан күні №73 мектеп-лицей базасында «Пәндік олимпиадаға дайындық пен стратегиялық біліктілікті арттыру» тақырыбында химия пәні педагогтеріне 2-ші қалалық оқыту семинары өтті.

Пән педагогтеріне арналған I қалалық олимпиаданың жеңімпазы Өмірұзақ Қанат пәндік олимпиадада келген 2-нұсқаның әрбір тапсырмасына жеке – жеке тоқтап, семинарға қатысушылармен талдай отырып есептер шығарды. Қиын есептердің шығарылу жолын түсіндірді.

Семинарға қатысқан әріптестер өз ризашылықтарын білдіріп, семинарды ұйымдастырған Әдістемелік орталықтың әдіскері Шарипа Химановна мен іс-тәжірибесімен бөліскен Өмірұзақ Қанатқа алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған