ПЕДАГОГТЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: НОВАТОРЛЫҚ (ЖАҢАШЫЛ) ПЕРСПЕКТИВАЛАР

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК 2023 жылдың 12-13 ақпан күндері Білім саласын зерттеу бөлімінің әдіскері Алмаз Турсунбеков №15 мектеп-лицейінің педагогикалық ұжымына арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде «Оқу үдерісіндегі жасанды интеллект: заманауи технологиялар мен практикалық құралдар» тақырыбында қалалық оқыту семинарын (8 сағаттық) өткізді.

Семинардың мақсаты – 22 – 27 қаңтар күндері Лондон қаласында 120-дан астам елден келген қатысушылардың білім берудегі шешімдері мен технологиялық платформалардың 600-ден астам ірі өндірушілері жиналатын, әлемдегі ең ірі білім беру технологияларының ауқымды Bett UK-2024 жаһандық білім беру технологияларының көрмесінде баяндалған «Жасанды интеллект» саласындағы әлемдік жаңалықтармен бөлісе отырып, оны педагог жұмысында қалай тиімді пайдалануға болатынын көрсету. ЖИ арқылы жұмыс істейтін сервистермен жұмыс істеуді үйрету.

Жалпы семинарға №15 мектеп-лицейінің 33 мұғалімі қатысты. Ұстаздар жасанды инттелект, нейрожүйелермен жұмыс істейтін сервистермен танысып, оларды өз сабақтарында тиімді пайдалануды үйренді, теорияны практикамен ұштастырды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған