«Ата-ана және жасөспірім- жағымды қарым-қатынас» ата-аналарға арналған семинар- тренинг

 2023 жылдың 8-9 ақпан күндері Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің ұйымдастыруымен №№34,51 мектептерінің ата-аналарына «Ата-ана және жасөспірім- жағымды қарым-қатынас» атты тақырыпта психоэмоционалдық жағдайын жақсарту және отбасында бала мен ата-ананың сындарлы қарым-қатынасын құруға көмектесу мақсатында семинар-тренингтер өткізілді.

Ата-аналар бұл тақырыпқа және жиналыстың формасына қызығушылық танытты. Семинар-тренингтерге қатысудың арқасында ата-аналар мамандардан психологиялық қолдау алып қана қоймай, басқа ата-аналармен тәжірибе алмасып, алған білімдерін практикалық тапсырмалар мен жаттығуларда тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алды.

 Сонымен қатар ата-аналарға психологиялық- консультативтік көмек көрсету кабинеттері туралы, дағдарыстық жағдайларда білікті тегін көмек алу және өзіне-өзі көмек көрсету туралы білім мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған