«ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» апталығының ашылуы

Астана қаласы әкімдігінің №93 мектеп-лицей базасында 2024 жылдың    12 ақпан күні Білім басқармасы және «Әдістемелік орталығы» МКҚК ұйымдастыруымен «ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» балалардың қауіпсіздігін арттыру онкүндігінің ашылуы өткізілді. Іс-шараға «Әдістемелік орталығы» МКҚК басшысының орынбасары Амиргалиев Жангелді Қуандықұлы қатысты.

«ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» он күндігінің бағдарламасы гуманизм қағидалары негізінде, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналар мен тәрбиешілердің тығыз байланысы арқылы жасалған 2024 жылғы 12-23 ақпан аралығында өткізілетін «Қауіпсіз балалық шақ» балалар қауіпсіздігін арттыру онкүндігінің жоспарымен таныстырылды.

Мақсаты: «ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» он күндігі аясында мектепке дейінгі тәрбиеленушілер мен орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына баланың жеке қауіпсіздігінің негіздерін, салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыруға, жол-жүру және өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша нұсқаулықтар беру, қоршаған ортаға сәтті бейімделуге бағытталған ойын түрлері мен жағдаяттарды шынайы өмірге модельдеу арқылы қауіпсіз білім беру ортасын құру.

«ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» он күндігінің жоспары бойынша 12 ақпан күні 1-11 сыныптар арасында:

1-4 сыныптардың «Жол қозғалысы ережелері және көшедегі қауіпсіздік» атты сынып сағаттары өтті.

5-7 сынып оқушыларына арналған  «Мектепке дейінгі қауіпсіз жол» атты квест ойыны өткізілді.

8-11 сынып оқушыларына арналған «Мектепке дейінгі қауіпсіз маршрут»  атты дөңгелек үстел (әңгіме) өтті. Алдағы уақытта «Қауіпсіз балалық шақ» балалардың қауіпсіздігін арттыру он күндігінің жоспары бойынша іс-шаралар өз жалғасын табады.

#қауіпсізбалалықшақ

#детствобезопасности

@oqu_agartu_ministrligi

@gani.beisembayev

@medetbekovameruert

@jenis_qasymbek

@baikenyesset

@akimat_astana

@ishki_sayasat_astana

@k.sengazyyev_official

@bilimastana                                                                                                                                                                                                         @astana_adistemelik_ortalyq

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған