Reading as the way of developing functional literacy at the English lessons

2024 жылдың 7 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ақпан айының жоспарына сәйкес №54 мектеп-лицейінде  ағылшын тілі пәнінің педагогтеріне  арналған  оқу, функционалдық сауаттылықты дамыту және білім берудегі тенденциялардан хабардар болу әдістері арқылы педагогтерге кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында «Reading as the way of developing functional literacy at the English lessons» тақырыбында қалалық семинар өтті.

№54 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің  мұғалімдері  Ж. Сыздықова , М.Рахметова , Г.Ахметова ,М .Алдашова , А.Тажен  ашық сабақтар көрсетсе, семинардың  тәжірибелік бөлімінде  Қ.Мукашев , Г.Есембаева , №2 мектеп-гимназиясының  ағылшын тілі пәні мұғалімі  М.Жумаева, Қ.Сәтпаев  атындағы Binom School мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері  Г.Аралбаева , Ж.Мураталиева , №81 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Miss Grace N  өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында мектептің бастауыш буын оқушылары ағылшын тілінде көрсетілім көрсетіп, жоғары буын оқушылары Ted-talks ұйымдастырды.

Кері байланыс кезінде педагогтер тәжірибе алмасқан мұғалімдермен ашық, нақты кері байланысқа түсіп, әдістемелік, замануи әдіс-тәсілдермен, іс-тәжірибеге толы мол ақпарат алды.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *