Астана қаласы Әдістемелік орталықтың «Орта бөлім беру» бөлімінің әдіскерлері 2024 жылдың 7 ақпан күні Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінің аттестациядан өтетін, біліктілік санатын көтеретін және растайтын 18 пән мұғалімінің сабақтарына қатысты.
Педагогтің сабақтарына қатысу кезінде әдіскерлер:
– сабақтың мазмұнының оқу мақсаттарына сәйкес келуі,
– сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге жету жолдары,
– қолданылған әдіс- тәсілдердің тиімділігі,
– материалдың мазмұны бойынша рефлексия жүргізілуі,
– тәжірибе арқылы дағдыларды дамытуы,
– сабақта жұмыстың әртүрлі формада қолдануы,
– білім алушылардың бағалау процесін бақылады.
Сабақтан кейін әдіскерлер мен мұғалімдер жиналып, рефлексия, кері байланыс кезінде бақыланған сабақтар бойынша талдау жүргізді.