Жаратылыстану бағытындағы пәндерде тәжірибелік тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру

Астана қаласы әкімдігінің Нәзір Төреқұлов атындағы  № 35 мектеп-лицей базасында  2024 жылғы 8 ақпан күні  «Жаратылыстану бағытындағы пәндерде тәжірибелік тапсырмалар арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында тәжірибе алмасу қалалық семинары болып өтті.

Семинар жаратылыстану пәндерін оқытуда тәжірибелік тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, химия, биология, география пәндері педагогтерінің кәсіби шеберлігін арттыру, озат іс-тәжірибемен бөлісу және тарату мақсатында ұйымдастырылды.

Семинарға Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК орта   білім беру бөлімінің химия, биология, география әдіскері Шакирова Шарипа Химанқызы және №№15,24,27,35,49,65,80 мектептерінің  педагогтері химия пәнінен  Н.А. Шашкенова, А. Асылбек, Б. Хаби, биология пәнінен К.Н. Хасенова, А.С. Исина, Г.А. Нургасимова, А.Қ. Сейітқұл, Ж.Д. Тогузбаева, Г.Ж. Капарова, А.А. Елеуова, А.У. Кошкарова, А.Б. Бекбатырова,  география пәнінен М.Х. Шанкибаева, М.Е. Нурпейсов, Т.С. Шаймаханов, Г.С. Жаппарова, Б.А. Какимов, С.Б. Исханова, Л.В. Бельгузова, Д.Д. Абитова (физика пәні) өз тәжірибелермен бөлісті.

          Сабақтарда білім алушылардың функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда жасанды интеллект GPT, DREAMFACE, MERGECUB Picture This бағдарламаларда тәжірибелік, сыни ойлауға, өмірлік дағды қалыптастыруға негізделген әдіс-тәсілдердермен бөлісті.

          Озық іс -тәжірибе таратуда этнохимияның тәжірибелік көрсетілімінде таза табиғи өнімдер алу жолдары, «Мozaik 3D білім беру қосымшасы», PISA тестілеуге дайындақ платформалары мен нормативтік құжаттарымен, тақырытық талдауды жергілікті, аумақтық, әлемдік контексте қарастыруға, білім алушының өзіндік зерттеуіне негізделген оқыту тәсілдері ұсынылды.

           Қатысушылар  өзара пікір алмасып, семинарды ұйымдастырған  Әдістемелік орталықтың әдіскері Ш.Шакироваға және  №35 мектеп-лицей ұжымына, спикерлерге ризашылықтарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған