ТжКББ ұйымдарында әдістемелік жұмысты жетілдіру

2024 жылдың 8 ақпанында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»  МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері Құрылыс-техникалық колледжінің педагогикалық ұжымына «ТжКББ ұйымдарында әдістемелік жұмысты жетілдіру» тақырыбында әдістемелік  десант өткізді.

Іс-шара аясында өткен педагогикалық тренингте заманауи сабақты қызықты өткізудің тиімді жолдары талқыланып, әдіскерлер тарапынан педагогикалық технологияларды қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.

Колледж педагогтері авторлық бағдарламаларды құрастыру, дайын жобаларды қалалық ғылыми-әдістемелік кеңеске тапсыру мәселесі бойынша толық ақпарат алды.

Колледж директоры С.Е. Малгельдинов әдістемелік десантта талқыланған мәселелердің өзектілігі мен іс-шараның уақытылы өткізілуі үшін ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Іс-шараға 50 педагог қатысты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған