«Мәңгілік елдің ұлы Абайы» атты қалалық семинар

2024 жылдың  7 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы»  МКҚК жоспарына сай Мұстафа Шоқай атындағы «№51 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК бірлесе «Бала Абай» эксперименттік алаңы аясында «Мәңгілік елдің ұлы Абайы» атты қалалық семинар өткізді.

Семинарда «№51 мектеп-гимназиясы  бастауыш сынып мұғалімдері «Бала Абай» инновациялық алаңын бастауыш сыныпта енгізу тәжірибесімен бөлісті. Семинарға атаулы алаңмен жұмыс жасайтын 30 мектептің мұғалімдері мен 19 балабақша тәрбиешілері қатысты. Семинардың тәжірибелік бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдері Гаппарова А.С., Әділхан Г.Б., Зулкарнаева Д.А., Жаксылыкова З.Н., Егамбердиева Н.А., Тугельбаева С.Т. ашық сабақтар көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қорытынды бөлімде «Мәңгілік елдің ұлы Абайы»  әдеби-композициялық кеші өтті. Шара соңында Астана қаласы әкімдігінің “Әдістемелік орталығы” МКҚК әдіскері Маман Жанар Сейтахметқызы, семинар қонақтары ақын, абайтанушы, ҚР жазушылар одағының мүшесі, «Абайтану» бағдарламасының авторы, Абай атындағы №87 мектеп-гимназиясындағы Абай музейінің меңгерушісі Ғабдуллина Алмахан Мұхаметқалиқызы және педагогика ғылымдарының кандидаты, қалалық «Профессор сабағы» жобасының мүшесі Қайырбекова Айтбала Ибраимқызы жобаның құндылығы, Абай тағылымын меңгертудегі өзекті мәселелер туралы ойларымен бөлісті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған