2024 жылдың 6 ақпан күні №57 орта мектепке Әдістемелік орталықтың «Орта білім беру» бөлімінің әдіскері білім сапасын бақылау, пәндер бойынша стандартқа сай білім берілуін, оқушының бойында пәндік білім-білік дағдыларының қалыптасуын бақылау, әдістемелік көмек көрсету мақсатында Әдістемелік күн ұйымдастырылды.
Әдістемелік күн барысында әдіскерлер қазақ тілі, ағылшын тілі, химия, орыс тілі пәндері бойынша 8 мұғалімнің сабақтарына қатысып, сындарлы кері байланыс жүргізді.