Сабақ сапасы-ұстаз біліктілігінде

2024 жылдың 6 ақпан күні Астана қаласы Әдістемелік  орталықтың әдіскері Ш.Шакированың ұйымдастыруымен  №9 «Зерде» мамандандырылған  лицей базасында  биология пәні педагогтеріне «Шебердан тәлім» жобасы аясында «Сабақ сапасы-ұстаз біліктілігінде»  тақырыбында  қалалық  оқыту семинары өтті.

       Семинарда Астана қаласының биология пәні бойынша педагог-шеберлері  №70 мектеп- лицейінің   биология пәні мұғалімдері  С.Сағатбекова, Г.Ракимжанова, №54 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Қ.Тумарбаева қатысушыларға шебер- кластар, коучинг, тренинг өткізді. №9 «Зерде» мамандандырылған лицейінің биология пәні мұғалімі Г.Сариева 11 сынып оқушыларына  «Клондау» ұғымы бойынша ашық сабақ берді.  Іс-шараға барлығы 62  педагог қатысты.

      Қатысушылар өзара пікір алмасып, семинардың  ұйымдастырылуы  мен өткізілуіне жоғары  баға берді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған