РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ.

Бүгін Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейінде “Заманауи мектеп: Даму және ынтымақтастық мүмкіндіктері” атты республикалық семинар өтті.
Қазақстанның әр өңірінен педагогтер жиналған іс-шара пленарлық бөлімінен басталып, әрбір саладағы арнайы келген сарапшылар “Ата-аналардың вакцинация туралы білімдері мен хабардарлық деңгейі. Иммундық патруль”, “ Балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған мектептер”, “Оқу ортасы оқушының жеке әлеуетін дамыту факторы”, “Мұғалімнің кәсіби дамуын басқару” тақырыптарын сөз етті.
Бұдан кейін қатысушылар аталған білім ордасының хас шебері, суретші Ахметқалиев Ерлан Алимханұлының “Шебер-ұстаз” аймағының ашылуына куә болып, оның шығармашылығымен танысты.
Практикалық бөлімде педагогтар өздері қалаған “Мен рефлексивті мұғаліммін”, “Мен салауатты тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстанамын”, “Мен жоспарлы вакцинацияны қолдаймын. Вакцина туралы аңыздар”, “Мен зеріттеушімін” тақырыбындағы дүниежүзідік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдері мен педагогтердің жаңа заман талабына сай жүргізілетін сабақтарына қатысып, олардың жан-жақты біліктіліктерімен танысты.
“Сабақ шеберханасы”, “Шығармашылық зертхана” бөлімдерімен жалғасын тапты.
Елорда төрінде бас қосқан педагог мамандары семинардан тәжірибеліктерін арттырып қайтқанын көруге болады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған