Астана қаласы Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 06 ақпан күні мектепке дейінгі ұйым меңгерушілер қауымдастығымен №98 «Мирас» балабақшасында «Рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы патриотизмге тәрбиелеу & Ата-аналар қауымдастығымен өзара әріптестік іс-қимыл орнату жолдары» тақырыбында тәжірибе алмасу практикалық шеберлік платформасы өтті.
Басқосу барысында Астана қаласының Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы Ережепова Айгүл Қайратқызы бүгінгі іс-шараның маңыздылығы мен құндылығын ескере отырып, дұрыс тәрбие мен білім беру процесін ұйымдастырудың маңызы аса қажет екенін атап өтті.
Семинарда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда бес жұмыстың түрі көрсетілді:
«Қанша? Нешінші?» тақырыбында және «Әрбір еңбек бағалы» сюжеттік-ролдік ойындар тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.
“Психологиялық-педагогикалық қолдап отыру” (онлайн кеңес беру) қызметі кабинетінде мамандардың қамтылмаған ата-анамен бірлескен жұмысы көрсетілді.
Балабақшаның Эксперименталды білім беру алаңында“Әрбір әже бір Абайды тәрбиелейді” тақырыбында «Әжелер мектебінің» жұмысы әжелермен бірлесе өтті. «Заттық-кеңістіктік дамытушы орта» (KidBurg) “Кәсіптер әлеміне саяхат” еркін ойын түрінде тәрбиеші ата-анамен бірлескен жұмысының үлгісін көрсетті. «Идеялар банкі» балабақшаның қосымша ұсынатын іс-тәжірибемен бөлісу жұмыстарының түрлерімен таныстырылды. «Әдістемелік таратылым» түріндегі ішкі қосымша дамыту жұмыстарының үлгісі семинар қатысушыларына ұсынылды.