«Ата-ана және жасөспірім- жағымды қарым-қатынас» ата-аналарға арналған семинар- тренинг

 2024 жылдың 31 қаңтары және  02 ақпан аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлерінің жоспары бойынша №№44,83,37,87,23,48,50,14,67 мектептерде 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына баламен жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруда психологиялық білімдерін жетілдіру мақсатында семинар-тренингтер ұйымдастырылды.

         Бөлім әдіскерлері ата-аналарға отбасындағы табысты қарым-қатынас туралы бейнероликтер көрсетті, ситуациялық рөлдік ойындар өткізді, психологиялық ағарту жұмыстары үшін әдебиеттер ұсынды. Іс-шараға қатысушыларға Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен ашылған елорданың бес ауданындағы «Психологиялық-кеңес беру кабинеттерінде» кеңес алу мүмкіндігі туралы толық ақпарат берілді.

        Ата-аналар Әдістемелік орталықтың психолог-консультаттарынан көмек алуға қызығушылық танытып, жылы лебіздерін білдірді.Семинар-тренинг соңында заманауи бала тәрбиелеуде өзекті тақырыптардың қажеттілігі туралы кері байланыс алу мақсатында ата-аналармен сауалнама жүргізілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған