«Нейробика» семинар-тренингі

2024 жылдың 26 ​​қаңтарында МКҚК «Әдістемелік орталығы» психологиялық сүйемелдеу бөлімі Астана қаласындағы № 87 мектеп-гимназиясында қаламыздың № 71, 78, 79, 81, 87, 90 мектептердің пән мұғалімдеріне арналған «Нейробика» атты алғашқы оқу семинар-тренингін өткізді. Іс-шараның мақсаты – балалардың мектеп қабырғасында эмоционалды қолайлы жағдай жасау және оқу процесіне инновацияларды еңгізу. Әдіскер Сембаева А.Б. теориялық бөлімінде «Нейробика» түсінігі және оның ерекшеліктері, сабақта нейрожаттығуларды қолдану және сабақтағы эмоционалдық стрессті төмендетуге әсері туралы ақпарат берді. Семинар-тренингтің практикалық бөлігінде есте сақтау және ақыл-ой белсенділігін жақсартуға арналған нейрожаттығулар кешені орындалды.

Алдыңғы уақытта қатысушы мұғалімдер сабақтарына нейрожаттығуларды еңгізе бастайды деп күтілуде.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған