Әдістемелік қызметтегі инновациялық жұмыстардың тиімділігі мен маңыздылығы

2024 жылғы 1 ақпан күні мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес №11 «Гауһар» балабақшасында «Әдістемелік қызметтегі инновациялық жұмыстардың тиімділігі мен маңыздылығы» тақырыбында жас әдіскерлерге арналған шебер-сынып өтті. Әдістемелік орталықтың әдіскері Қ.Көшен жас әдіскерлерге «Балабақшадағы инновациялық жобаларды жүргізудегі әдістемелік қызмет, нормативтік құжаттар» тақырыбында ақпарат ұсынды. №47 «Ақ желкен» балабақшасының инновация әдіскері Акжигитова Марал Оспановна «Инновациялық тақырып сөйлейді» балабақшада инновациялық жоба ашу үшін қандай жүйелі жұмыс жасау керектігіне тоқталды. №11 «Гаухар» балабақшасының әдіскері Амирханова Айнұр Амангелдиевна «Stem» қызықтары, № 17 «Ер-Төстік» балабақшасының әдіскері Мангазинова Айгерим Жакияновна, №59 «Аққанат» балабақшасының әдіскері Байбатырова Асемгуль «Жобалар сыр шерткенде….» өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. Жас әдіскерлерге арналған шебер -сынып өте қызықты, әрі пайдалы болды. Қауымдастық жетекшісі Сарсенбаева Гүлмира Байдаққызы алдағы өтетін семинар, шебер-сыныптардың маңыздылығымен қажеттілігін атап өтті. Жас мамандарға осы іспеттес тәжірибелік шебер-сыныптарды жиі ұйымдастырып, тәжірибе бөлісу керектігі назарға алынды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған